ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

11:52, 10 қаңтар 2019

Халыққа ашық және қолжетімді қызмет көрсету міндет. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының талабы осы. Инновация дәуірінде қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында Түлкібаста халықтық кеңсе ашылды. Кеңсе кімге, қандай қызмет көрсетеді?

Өңірде мұндай жалпы халықтық кеңсе Шымкенттен кейін, Түлкібаста ашылды.  Заман талабына толық сай мекеме 96 қызмет түрін көрсетеді. Оның 61 пайызы электронды форматқа көшірілген. Енді аудан тұрғындары құжатын рәсімдеуде сан мекеменің табалдырығын тоздырмайды.

Бейбіт Қамытбеков – Түлкібас аудандық әкімі аппаратының ақпаратпен қамсыздандыру мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің бас инспекторы

Халықтық кеңсенің тағы бір тиімділігі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға көмектеседі.

Халық пен билік арасын жақындастыра түсетін кеңсе мәселені әділ әрі дер кезінде шешуге көмек. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған кеңседе кәсіби мамандар түсіндірме жұмыстарымен айналысады Тұрғындар уақытты тиімді ұйымдастырып, қысқа мерзімде сапалы қызмет көрсеткендерге алғыстарын жеткізді.

Зерегүл Тастанбекова – зейнеткер

Ауданға келгелі әр мекемеге жүгіріп жүруші едік. Ғимаратты ашқандарға шексіз алғысымды жеткіземін.

Цифрлық жүйе жетістігін еселеуде, халықтық кеңсе электронды қызмет көрсетуді 80 пайызға жеткізбек.

Дана МЫРЗАҚАДІР  

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...