ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

HAWAII SHYMKENT ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

12:07, 11 маусым 2019

Керемет демалу үшін Гавай аралдарына сапар шегудің керегі жоқ. Бар болғаны Шымкенттің іргесіндегі Маятасқа барсаңыз жеткілікті. Ол жердегі жаңадан ашылған Hawaii Shymkent демалыс аймағы келушілерге естен кетпес көңіл-күй сыйламақ.

 Демалыс орнының ашылу салтанатына өңіріміздегі зиялы қауым өкілдері мен елімізге танымал тұлғалар келді. Солардың қатарында тұңғыш қазақ ғарышкері  Тоқтар Әубәкіровтыңда қарасы көрінді. Ал ашылу салтанатында сөз алған  қала әкімінің орынбасары Данат Жумин жобаны жүзеге асырғандарға алғысын білдіріп шаһар басшысының құттықтауын жеткізді.  

 Данат Жумин – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары  

Hawaii  Shymkent туристтік нысан бюджеттің жергілікті кіріс бөлігін ұлғайтуға өз септігін тигізеді деп сенеміз. Халықты жұмыспен қамтуға өз үлесін қосып қала тұрғындарын сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін. Қазақстан туризімін датыту істеріңізге табыс тілеймін. Елімізді көркейтуге сүбелі үлес қоса беріңіздер.

 Hawaii  Shymkent демалыс орыны бір күнде  1,5 - 2 мың адамға қызмет көрсете алады. Аймақ Шымкенттің іргесінде болғасын қалалықтарға ыңғайлы. Балалар да ересек адамдарда еркін демалатын демалыс орыны қыстың күніде елге қызмет көрсетеді.

Сенбай Сейсенов - Hawaii  Shymkent демалыс аймағының іс жүргізушісі

 Бұл жердің бір ерекшелігі жанымызда Бадам су қоймасы. Бұл туризмнің орталығы деседе болады. Болашақта Бадам өзенінің жан-жағына сәулетті ғимараттар салынайын деп жатыр бұл соның бір бөлігі. Бұрын Бадам су қоймасы егістікке жұмыс істейтін болса қазірәрі туризмге жұмыс істеп тұр әрі ауыл шаруашылығына. Бұл деген үлкен жетістік.

Бұл жердегі үш бассейін жиі тазаланып санитарлық сапасы жоғары болады –дейді мамандар. Тағыда бір ерекшелігі су үстіндегі мейрамхана демалушыларды ерекше әсерге бөлейді.  Мейрамханалар қаланың аптап ыстығынан қашқандарға өте ыңғайлы. Нысанның ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласып жұртшылық жадырасып қалды.

Айгүл Дәуітова - Шымкент қаласының тұрғыны

Біздің еңбекші ауданы Маятас елдімекенінде керемет демалыс аймағы ашылғанына өте қуаныштымыз. Балаларымыз демалысқа шықты осы жерге келіп арнайы демалатын болдық. Керемет әсер алып отырмыз. Аймақ уйімізге жақын өте тиімді.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 250 млн теңге. Бұл қаржы жеке инвестордың қалтасынан құйылған. 2017-ші жылы нысанның  экскиздік жобасын қала әкімі мақұлдаған. Сондықтан демалыс аймағы алып шаһардың ажарын аша түседі.   5,5 гектар аумақты алып жатқан демалыс аймағында  85 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...