ШҰҒЫЛ! АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҰЗЫП ЖАТЫР Толығырақ

ХІІ АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

13:47, 16 мамыр 2019

Төрткүл дүниенің сарапшылары, саясаткерлері мен ғалымдарының басын біріктіретін дәстүрлі Астана экономикалық форумы басталды. Елбасының бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіліп жүрген ірі шара биыл адамдар, қалалар мен экономика тақырыптарына арналып отыр.

12-ші форумды ашқан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында негізгі жаһандық мәселелерді қозғады. Солардың бірі – урбанизация. Бүгіндері адамзаттың 55 пайызы, яғни 4 млрд-тан астам адам қалаларда тұрып жатыр. 2050 жылға қарай бұл сан еселеп өсіп, 10 адамның 7-уі ірі шаһарларда өмір сүреді деген болжам бар. Бұл «инвестициялар мемлекеттерге емес, қалаларға құйылатынын білдіреді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ елбасы өнеркәсіпті цифрландыру арқылы өнім көлемін арттыру, болашақта сұранысқа ие болар мамандықтарға оқыту сынды бағыттарға басымдық беру қажеттігін атап өтті. Жалпы, екі күндік форумға әлемнің 74 елінен бес жарым мыңға жуық делегат қатысып жатыр. Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры, БҰҰ бас хатшысының орынбасары және басқа да әлемдік деңгейдегі сарапшылар бар. Форум аясында 50-ден астам сессия мен іс-шара өткізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
13:41, 27 мамыр 2020
ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
18:29, 22 мамыр 2020
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...