
Дезинфекциялық құралдарыменен ойнап, химиялық заттарға салғырт қарауға болмайды. Себебі, ол заттарда қауіпті химиялық қоспалар бар. Әсіресе, қаланы заласыздандыруға арналған арнайы сұйықтықтармен қолды, бетті жууға мүлдем болмайды,- дейді мамандар.
Дезинфекциялық құралдарды тек арнайы мамандар ғана қолданады және оған мемлекет тарапынан ғана заңды рұқсат беріледі. Бұл мақсаттағы сұйықтықтар микробактерияларды жоюға арналған, сондықтан бұл химиялық заттарға салғырт қарауға болмайды,- дейді мамандар. Сондай-ақ бүгінде қалада заласыздандыру жұмыстарына қолданып жатқан бұл қоспалар шыбын-шіркейлерді жоюға араналмаған.
Ғалымжан Әбішев–Шымкент қалалық туарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары