ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР КІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН? Толығырақ

ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

13:22, 12 желтоқсан 2019

Әлеуметтік жәрдемақының жаңа форматы енгізілетінін естіген көпшілік халыққа қызмет көрсету орталығына ағылуда. Осы жүктемені азайту мақсатында цифрландыру басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің ұйымдастыруымен халыққа түсіндіру жұмыстар жүргізілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі. Бұл отбасының табысына қарамастан тағайындалатын жәрдемақы. Осы сынды өзге де мемлекеттік қызмет түрлерін электронды алу ісінің қалай жүзеге асатындығы көрсетілді. Бүгінде мемлекет тарапынан ұсынылған қызметтердің 80 пайызы электронды жүйеге көшкен. Сондықтан, азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығына баруды қажеттілігі жоқ. Тек, компьютер тілін жетік меңгерсеңіз болғаны.

Айдос Оспанов – Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы

-Келесі жылдан бастап АСП бар, қағидалар өзгеріп жатыр. Соған байланысты да келіп жатыр. Соны алдын алу үшін халықты шапқылатып жүрмей, осы іс-шараны әкімдік мемлекеттік қызметтер департаменті осы іс-шараны ұйымдастырып отырған жайымыз бар.

Р.Бақытжанқызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
19:48, 17 қаңтар 2020
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
19:47, 17 қаңтар 2020
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Толығырақ...
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ  СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
14:01, 14 қаңтар 2020
УНИВЕРСИТЕТТЕ СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
13:39, 13 қаңтар 2020
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...