ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ХОККЕЙ: ҚАЗАҚСТАН ДАНИЯНЫ ҰТЫП КЕТТІ

11:59, 3 қаңтар 2019

Кезек спорт жаңалықтарында. Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Данияны жеңді. Ақтауда ММА-ден халықаралық турнир ұйымдастырылды. NFC-17 халықаралық турнирі «бес минуттан құралған бес раунд» форматы бойынша өтті.

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ елінің құрамасы мықтылар сапында қалуға қадам жасады. Ванкувердегі кезекті кездесуін Данияға қарсы өткізген жерлестеріміз 4:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан Олег Бойко, Ернар Мусабаев, Саян Данияр және Мальте Сетков мергендіктерімен танылды. Шынын айту керек, қақпашы Демит Еремеевтің әбжілдігі болмағанда, таблода мүлде басқа нәтиже орын алар еді. Старыгин шәкірттері бапкер тарапынан түскен ұсыныс тілектерді барынша ескерді. Екінші минутта Олег Бойко есеп ашқаннан кейін айдында ерте тыныстағаны да анық. Алайда Дания да сес көрсетті. Таразы басын теңестірді. Дегенмен Ернар Мұсабаев голынан кейін Қазақстан тағы алға шықты. Андреас Грундтвиг мергендік танытқаннан кейін Еремеев ерлік жасады. Дания нәтижені еселей түсер еді. Қарымта ойын ертең кешке өтеді.
 

РУСЛАН САРИЕВ NFC WEST ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Гран-при NFC WEST турнирі аясында 77 кг салмақта жергілікті Руслан Пак пен Шыңғыс Убайдуллин сынға түсті.  Руслан Пак екінші раунда тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Гран-при NFC WEST турнирінің 77 кг салмақтағы екінші жекпе-жегі Саят Рамбай мен Темірлан Ихсанғалиев арасында өтті. Төрешілер шешімімен Ихсанғалиев жеңді. Сонымен қатар, октогонда Грузия, Әзірбайжаннан келген жауынгерлер де өнер көрсетті. Қанат Құлмағамбетов пен грузиялық Бека Эрадзе айқасып, төрешілер шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетсек, Қанат Құлмағамбетов жақында Отан алдындағы борышын өтеп келген болатын. Арман Тұрғанбаев және Сәкен Альшанов шайқасы да жерлесіміздің пайдасына шешілді. Азамат Марқабаев пен Бека Имерлишвили кездесуінде Грузиядан келген спортшы ақтөбелік файтерден тұншықтыру әдісімен жеңілді. Соңғы жекпе-жекте Серікбай Қожабаев және Заур Мустафазейд кездесіп жерлесіміз бірінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жер қаптырды.

 

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...