ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ИНФОДЕМИЯ - ПАНДЕМИЯДАН ДА ҚАУІПТІ

19:44, 20 қараша 2020

Пандемия қандай қауіпті болса – инфодемия одан да қауіпті. Оның таралу жылдамдығы пандемиядан да асып түседі. Инфодемияның басты қаупі жұртшылық жалған мен шынайы ақпараттарды ажырата алмай қалады. Мұндай жағдайға түскен адам дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асуды қояды. Бүгін Шымкентте өткен «Инфодемияның екінші толқыны: алдын алу және жаңа ақпараттық стратегия» атты онлайн кеңесте БАҚ өкілдері осыны айтты.

Инфодемия – шындыққа жанаспайтын, ел-жұрттың үрейін ұшыратын, жалған ақпараттар легі. Бұл терминді Дүниежүзілік денсаулық сақтау саласы биылғы ақпан айынан бастап қолданысқа енгізді. Сөйтіп, бұл термин бүгінгінің ең өзекті, күн тәртібіндегі тұрған мәселеге айналды. Басы ашық проблеманы басқосуға онлайн қосылғандар арасында қызу талқыға түсті. «Сенімді ақпаратқа жүгіну қажет, ең әуелі ақпарат таратушының компентациясына мән беру қажет»,- дейді жергілікті билік өкілдері.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Бұл жиынға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Қазақстан Медиа альянсының басқарма төрағасы Нұртөре Жүсіп, «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек және  Сенат депутаты Айгүл Қапбаровалар ЗУМ бағдарламасы арқылы  қатысты.

Ғалымжан Елшібай - Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы  

Қазір дүбір дүниедегі  бұқаралық ақпарат құралдары коронавирус жайлы түрлі ақпарат таратып жүр. Бұл – инфодемияның асқынған түрін білдіреді. Жалған ақпараттар тасқынын сарапшылар эпидемия, пандемияға ұқсастырып отыр. Ал оған қарсы иммунитетті қайдан аламыз?

Нұртөре Жүсіп - Қазақстан Медиа альянсының басқарма төрағасы

Жалған ақпараттың таралуын тоқтату – талай адамның өмірін сақтап қалуға әсер етеді. Себебі, біріншіден, инфодемияға арбалған адам түбі депрессияға ұшырайды. Өмірден түңіледі. Үмітсіздік пайда болады. Ал, пандемия кезінде теледидар көрушілердің үлесі 33-пайызға артыпты.

Айгүл Қапбарова – ҚР Парламенті  Сенатының  депутаты

Пандемия кезінде дәрігерлер мен тәртіп саақшылары секілді журналистер де алдыңғы шептен табылды. Бұл ретте БАҚ өкілдерінің жеке басының қауіпсіздігін сақтау да өзекті. Қауіп-қатер мен ауру ошағының ортасынан табылған оларға тіпті, қарапайым медициналық бетперде мен қолғаппен қамту жағы да қарастырылған жоқ. Журналистер Одағының өңірдегі филиал төрағасы қызметкер қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.

Уәли Қыдыр - Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Фейк ақпарат онсыз да ойы онға санасы санға бөлінген науқасты орға жығады. Онлайн форматтағы шараны Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев түйіндеді.

Сейітқазы Матаев -  Қазақстан Журналистер одағының төрағасы

Онлайн басқосу барысында медицина өкілдері мен өзге де сала өкілдерінен тиімді ұсыныстар айтылды.

Г. Қалмырзақызы                                  

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар