ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

15:11, 9 қазан 2019

Шымкент қарқынды дамып келеді. Десекте мегаполисте әліде сапалы ауыз су, электр энергиясы , газ, кәріз жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер бар. Бұл түйткілдер алдағы уақытта біртіндеп шешімін табады. Қазір шахардың шетіндегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйтені бұл проблемалар Үкімет бақылауында тұр.

Жасыл шахардағы 4 ауданға қарасты 81 елдімекен бар. Оның 41-і орталықтан біршама шеткерек орналасқан. Бүгінгі таңда қала аумағындағы барлық тұрғын үй алабтарын сапалы инфрақұрылыммен қамту басты назарда. Бұл елдімекендердің барлығына қажетті сметалық құжаттар жасалған. Соның ішінде ауызсу мәселесі бірінші кезекте тұр.

Бұхарбай Парманов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Ауызсумен қамту бойынша 93 пайыз қамтылған Шымкент ьқаласы 12 нысанда 8,7 млрд теңгеге ЖСҚ жасап2019 дың бюджетіне нақтылауды ұсындық. Сонымен қатар 9 елдімекенге ЖСҚ жасап 2020 жылдың бюджетіне ұсынып отырмыз. Жалпы 21 елдімекенді сапалы ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласының 92 пайызы көгілдір отынмен  қамтылған. Биылдың өзінде республикалық бюджеттің нақтылауына екі нысанның құрылысына 2,06 млрд теңге қаржы қарастыру көзделіп отыр.  2020 шы жылға 7 нысанның құрылысына  8,2 млрд теңге бюджеттік өтінім берілген. Алып шаһардың 91,2 пайызы электр жарығымен  қамтылған. Алайда мегаполиске көршілес аудандардан қосылған елдімекендерде электр бағаналары ескірген.  Оны жаңасына алмастыру мақсатында да біраз шаруа атқарылған.

Бұхарбай Парманов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

10 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатып 22 млрд теңге қаралған. Сонымен қатар 12 нысанға 13,3 млрд теңге ЖСҚ дайыындалып 2020 шы жылдың бюджетіне ендіру жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары  қаламыздағы Самал, Қайтпас, Ақжайық  мөлтекаудандарына кәріз жүйесі жүргізілді. Сөйтіп Шаһардың 49 пайызы  қамтылған. Бүгінгі таңда тағы 8 елдімекенге құбыр тарту үшін  2,1 млрд теңге жобасы  бюджетке ұсынылған. Қосымша 12 нысан келер жылдың еншінде.

К. Дүйсенбі

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...