ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

13:02, 10 маусым 2019

Әріптестерінің қолынан қаза тапты. Түркістан облысы Арыс ауданында инкассаторларды қасақана өлтірген еңбек демалысында жүрген почта қызметкері болып шықты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майоры Қайрат Дәлбеков көлікті тонап, қызметкерлерді аяусыз өлтірген күдіктінің ұсталғандығын мәлім етті.

Қайрат Дәлбековтың айтуынша, қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан екі инкассатор қызметтік көлікпен Задария мен Монтайтас ауылдарында болып, одан соң почтамен бірге Қожатоғай  елді мекеніне бара жатқан. Сөйтіп, олар күндізгі  сағат 12-лерден кейін байланыссыз кеткен. «Екі инкассаторымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында барлық іс-шара атқарылды. Полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды. Өңірдің жедел уәкілдері сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден көлікті тапқан. Оны тексеру барысында қан іздері алынып, инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болған.

Қайрат Дәлбеков – Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы

Күдікті 1981 жылы туған жергілікті тұрғын. Ұсталған азаматтың пошта қызметкері екені анықталды. Күдіктіден аңшы мылтығы және ақша тәркіленіп алынды...

Ал, келесі күні таңғы сағат 6:00-де  аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген инкассаторлардың мәйіті табылды. Сорақысы сол, күдікті азамат почта бөлімшесінің қызметкері, инкассаторлардың әріптесі болып шықты. 1981 жылғы жергілікті тұрғыннан аңшы мылтығы мен ұрланған ақша табылды. Қылмыс жасалған күні ол әріптестерінен діттеген жеріне жеткізіп салуды сұраған. Көліктің ішіне отырған соң екі инкассаторды атып тастайды да, 7,5 миллион теңгені алып, қылмыс орнынан ізін суытады. Қаскөй Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни  99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Г. Қалмырзақызы                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...