ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

Инновация тенденциялары талданды

13:17, 30 қаңтар 2017

«Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация тенденциялары». Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Келелі жиынға отандық ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты

Ғылымдағы жетістік мықты ғалымның тынымсыз тәжірибесімен келеді.   Конференция өткізу арқылы ұжым «Физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математикалық ғылымдардың докторы, профессор Төребай Тұрмамбековке құрмет көрсетті. Азаматтық 60 жылдық мерейтойы осылайша халықаралық деңгейде аталып өтті.

Көкетай Темірғали – Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры

Білімсіъз, ғылымсыз ел болмайды деген бар бізде. Міне, сол білімін шыңдап, ғылымның төріне шыққан азамат – Төребай. Біз сол Төребайға бірер жылы сөзімізді арнап, жақсы профессор екенін айта өтейік деген ниетпен келіп отырмыз. Бұл жақсы бастама.

 

Ғылыми жиынға жүзге жуық ғалым қатысты. Заман қажеттілігіне қарай инновациялық жобалар талданды. Әр ғалым өзі қызмет атқаратын ЖОО-ның инновациялық әлеуетін танытатын күрделі тақырыптарды қамтыды.

Талжан Райымбердиев – Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті

Осы бағыттағы ғылыми жиындар көп болса, мына қазақ елінен шыққан профессорлар бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, ертеңгі ұрпақ үшін еңбек етсе, жұмыс нәтижелі болмақ. Педагогикалық ғылым қай уақытта болмасын, үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да бұл бастамаға тек қана оң көзқарастамыз.

 

Ғалымдардың бұл басқосуы еліміздегі ғылым, білім және инновация саласындағы оң өзгерістер барын, инновациялық даму тенденцияларының жоғары екенін көрсетті. Шара соңында барлық қатысушы арнайы сертификатқа ие болды. Түркиялық профессорлар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай инновациялық бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға ұсыныс білдірді.

Перизат Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА  2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН
19:42, 23 қыркүйек 2020
«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН А...
Толығырақ...
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
18:15, 23 қыркүйек 2020
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...