ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ИНСТИТУТ СТУДЕНТТЕРІ АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

14:21, 14 ақпан 2020

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл. Осы айтулы датаға орай Мардан Сапарбаев атындағы институтында «Мен көрген соғыс» атты тақырыпта шара өтті. Онда білім алып жатқан студенттер ардагерлерге құрмет көрсетті.

Бұл бүгінгі жас ұрпақтың кешегі батырлардың өмірін сомдауы. Институт қабырғасында жүрген студенттер арнайы әскери дайындықтан өтіп,  Отан алдындағы борышын сезініп келеді. Сол себепті де олардың жауынгер – интернационалистерді  деген құрметі ерекше.

Айдана Шыназбекқызы – студент

-Осы ардагерлеріміздей батыл да мықты, әрдайым елі үшін жері үшін жанын беретін патриот болуымызға ықпалын тигізеді.

1989 жылдың 15 ақпанында Кеңесәскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Бұл тарихи әрі маңызды дата. Себебі, ұлты мен нәсіліне қарамай бейбіт күн үшін күрескен боздақтардың бірі еліне келсе, ендібірі қан майданда жан тапсырды. Солардың бірі запастағы полковникМахмуд Рысбаев.

Махмуд Рысбаев – Ауған соғысының ардагері

-Ұлы жеңістің 75 жылдығына да орай осы кешке бізді шақырып отыр. Үлкен тәрбиелік мәні бар деп есептегеннен кейін жастарды отансүйгештікке баулу, тәрбиелеу, сол мақсатта келіп отырмыз.

Темірхан Саққұлақов - Бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушысы

-Осы кафедрада жұмыс істеп жатқанына 15 жыл болды. Бізде бірінші әскерге үйрету ғой. 31 жыл өтті ауған соғысының біткеніне. Біздің өзіміздің әскери дайындық өте мықты. Балаларды оқытамыз, тәрбиелейміз.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл, ал Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай  өткен шараға белсенді қатысқан студенттер арнайы марапатталды.

Р.Бақытжанқызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...