ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ІШКІ  КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНЫП ЖАТЫР

15:42, 14 мамыр 2020

Қазығұрт  ауданында  жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы ауыл арасындағы ішкі  көшелер асфальттанып жатыр.  «Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз жыл бұрын аудан халқы «жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес» деп базыналарын айтатын. Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстады. Өйткені, әр жылы ауылдарда 10-15 көшеге асфальт салынып, тұрғындар өз алғыстарын айтуда.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы  Республикалық бюджеттен 859млн,33 мың теңгеге Қызылқия және Сарапхана елді мекендеріндегі  22 көшеге  орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады дейді мамандар.
Бақберген Құралбаев – аудандық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Аудан орталығына  қатынайтын жергілікті жұртшылық, әсіресе, жер езіліп, саз болғанда әуре-сарсаңға түсетін.  Қызылқия ауылындағы   көше тұрғандары қазір жолдарды жөндеп жатыр. Бұл біз үшін өте жақсы жаңалық. Бұрындары жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес болатын. Енді таза жолдармен жүретін боламыз деп өз ризашылықтарын білдіруде.
Боранбай Сұлтанбеков –ауыл тұрғыны.
Құрылыс учаскесінің жалпы ұзындығы 1,8 шақырымнан асады. Көшедегі көлік жолдарына асфальт  жамылғысын төсеумен қатар, жолға жиектастар салынады. Осыған дейін жергілікті тұрғындар шұрық-шұрық жолдардың азабын тартып келген. Бүгінде сол олқылықтардың орны толуда. «Таған ЖШСтік» мекемесінің қызметкерлері жолды жақсартуға өз үлестерін қосуда.  Жол жөндеуге арналған техникалар саны жеткілікті, негізгі мамандар болмаса, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Соның арқасында жұмыс өнімділігі де артуда дейді.
Нұрлан Дәулетбахов – Таған ЖШС-ның бас инженері.
Аудандық бюджет есебінен 2020-2021 жылдарға  аудан аумағындағы 13 ішкі көшеге және аудандық маңызы бар 2 жолға 693млн 84 мың.теңге қаржы бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ө. Мырзабек                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...