ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙТІН МЕРЕКЕ

12:27, 1 наурыз 2019

Халықтар достығын нығайтып, ізгілікке үндейтін Алғыс айту мерекесін қазығұрттықтар ерекше атап өтті. Бұл күні ренжіскендер татуласып, түрлі ұлт өкілдері бір-біріне деген ыстық-ықыласын білдірді. Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған мерекеде ұлты мен ділі басқа болғанымен, мақсаты бір, болашағы айқын мемлекеттің азаматтары екенін аңғартты.

Бұл күні тұрғындар ақ дастархан жайып, бір-бірінің үйін аралады. Қонақжай қазақ халқының дархандығын айтып, өткенге салауат десті. Қазақстанға қоныс аударушылардың мүшкіл халі мен оларға көмек қолын созған қазақ халқының ерлігі, ересен еңбегін тілге тиек етті.

Хихаят Юлдашова - зейнеткер

 Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқаным үшін рахмет айтамын.

Ұмыра Рахымжанова - Тұрбат елді мекеніне қарасты Гүлстан көшесінің  тұрғыны. Осы ауылға келін болып түскеніне қырық жылдан асыпты. Көп балалы ана мұнда қазақ-өзбек болып бөлінбей  тату- тәтті тұрып жатқандарын айтады.

Ұмыра  Рахымжанова- көпбалалы ана

Біз бір-бірімізбен бір үйдің баласындай араласамыз. Бүгін алғыс айту күнінде дастархан жайып, бір бірімзге құрметімізді көрсетіп жатырмыз.

Назира Ботбаева  -ауыл тұрғыны

Бізде ұлтқа бөліну деген жоқ. Ынтымағымыз жарасқан ауыл тұрғындарымыз.

Көктемнің алғашқы күнін қазығұрттық жұртшылық осылайша бір-бірін бауырына басып, алғыс айтумен қарсы алды. Ортақ Отанымыз – Қазақстан деген ұғымды ұлықтады.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                    

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...