ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

КАДР СЫРТЫНДАҒЫ МАМАН-КАДРЛАР

19:49, 13 ақпан 2018

Көк жәшікке үңілген көрермен... жаңалық тізгіндеп отырған... мен секілді дикторды... немесе қолына микрофон ұстаған тілшіні ғана көреді. Алайда, ақпараттың уақытылы елге жетуіне, көрнекі көрсетілуіне... кадр сыртында жүрген көп маман еңбек сіңіреді. 60 жылдық мерейтой қарсаңында қазақ теледидарының шежірелі тарихындағы әр сала иесінің еңбегін көрсету – біздің басты мақсат. Күнделік-сюжеттің бүгінгі нөмірі... тағы да арна ардагерлеріне арналады.

Айзат Бауыржанқызы – тілші

Сапалы хабар, жағымды жаңалық журналистің сауатты сөзімен, ажарлы келбетімен ғана көркем өрілмейді. Сәтті кадр шығуы үшін білдей оператор, режиссер, дыбыс режиссері бірлесіп, күш жұмсайды. Осы салада талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан арнамыздың ардагер мамандарының кадр сыртында болса да, теледидар дамуындағы қосқан үлестері орасан.

Айғаныс Қарабалаева түстік телеарнасының түлеуіне 27 жыл ғұмырын арнады. Ең алғаш облыстық теледидар табалдырығын аттағанда... бұл құрылымның құрылғанына 3 ай ғана толған еді.

Айғаныс Қарабалаева – «On’tu’stik» телеарнасының дыбыс режиссері

ТВ-ға кездейсоқ кеп қалдым. Алғаш фотографтың көмекшісі болып кірдім. Ол кезде жаңалықтарды кәдімгі фотоаппаратқа суретке түсіріп, эфирден көрсететін

Қажеттілік туғанда атқа қонатын... қазақ қыздарының жұрнағы... техникаға да бейім екенін бірден көрсетті. Тілсіз алыптың... тетігін тез түсінді. Осылайша, алғашқы камералардың келуімен... бейнекадрлар пайда болды. Монтаж бөлмесі жұмысын бастады. Білікті маман... оңтүстік топырағында түсірілген бар кадрды жинақтап, бейнеқорға енгізді. Ал, бүгін студиялық хабарлар мен... жаңалықтар қызметінен көрсетілетін... сюжеттердің... сапалы дыбыста шығуына жауапты.

Айғаныс Қарабалаева – «On’tu’stik» телеарнасының дыбыс режиссері

Телеарна жұмысы өзіме ұнайды. Осы ұжымға  жастар көп келеді. Оларға барынша тәжірибемізбен бөлісеміз.

Тікелей эфирде берілетін хабар мен жаңалық үшін... аппаратты-студиялық бөлмедегі әр маман жауапты. Ал, негізгі тізгін – қайткенде де режиссер қолында. Арнаның шығармашылық тұрғыда өсіп-жетілуіне ардагер режиссер Арыстан Отарбаевтың үлесі сүбелі. Ол бастапқы... сүйікті кәсібі актерлік шеберлігімен... телеарнада «Қара пима», «Телекітапхана» сияқты кесекбасты туындылардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Ал, «Атамұра» хабары арқылы... қоғамда рухани жаңғыру үрдісі салтанат құратынын... сол кезде сезді. 

Арыстан Отарбаев - «On’tu’stik» телеарнасының дыбыс режиссері

Бізде ОҚТ деп басталған. Сол кезде жан-жақтан кадр іздеп, Ол кездегі қызметкерлердің жоғарғы білім жоқ еді. Тек осы телеарнаға қызығушылық танытқан жас қыз-жігіттер болатын. Ол кездегі кадрлармен салыстырғнада қазіргілер оқу бітірген, осы сала бойынша іс-тәжірбилерін алып, қазақ теледидарынан тәжірибе жинақтап келе жатқандар

«Елсіз ер жетім, ерсіз ел жетім»... Телевизия да солай.  Режиссер, дыбыс режиссері, инженер, редактор, монтаж жасаушы, оператор, тілшінің басы бір істе бірікпесе, телеарнаның қабырғасы мен қақпасы бүтін болмайды.

АЙЗАТ Бауыржанқызы  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БІРНЕШЕ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ЖҰМА КҮНІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАЙДЫ
18:51, 17 ақпан 2018
ШЫМКЕНТТЕ БІРНЕШЕ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ЖҰМА КҮНІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГ...
Толығырақ...
 «СВОЙ ДОМ KZ»: АРТЫҚ ТӨЛЕМСІЗ, ПАЙЫЗСЫЗ ӨЗ ҮЙІҢЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ!
17:15, 17 ақпан 2018
«СВОЙ ДОМ KZ»: АРТЫҚ ТӨЛЕМСІЗ, ПАЙЫЗСЫЗ ӨЗ ҮЙІҢЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...