ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ҚАЙНАР БҰЛАҚ САЯЖАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ НЕГЕ АЛАҢДАЙДЫ?

15:30, 22 мамыр 2020

Шымкенттегі Қайнар Бұлақ саяжай алабының тұрғындары елдімекеннің қақ ортасында «Иегова куәгерлері» шіркеуінің тұрғанын қаламайды. Себебі діни ұйымның мүшелері насихат жұмыстарын үй аралап көшеде жүргізетін көрінеді.

Қайнар Бұлақ саяжай алабында  40 мыңдай тұрғын бар. Халық тығыз орналасқан аймақта  1 мешіт, 1 православ шіркеуі және Иегова куәгерлерінің шіркеуі  бар. Саяжайлықтар әркімнің  өз   діни танымы болатынын біледі. Бір –бірінің сеніміне селкеу түсірмейді. Бірақ Иегова куәгерлері біздің мазамызды алмаса екен –дейді. Себебі шіркеу маңынан өткен азаматтарға «Иегова куәгерлері» насихат жұмыстарын жүргізетін көрінеді.
Жидегүл Балтабаева – Шымкент қаласының тұрғыны
 Бізді мазалайтын көшеміздегі Егова. Оның көшемізден кеткенін қалаймыз.
Людмила Васильевна – Шымкент қаласының тұрғыны
У меня обеспокоеность церковь Егова. Мені алаңдататын Егова шіркеуі. Олар осы жерде көп жүреді. Кейде бізге жолығып өздерінің дінін насихаттайды. Бізді өздеріне тартқысы келеді. Мен ылғи оларға қосылмаймын –деп айтамын. Бірақта немерелерім бар солардың болашағына алаңдаймын. Біздің ойымыз бұл шіркеуді тұрғын үй алабынан  қала сыртына шығарса екен.
Айтқандай саяжай алабы тұрғындары арасынан Иегова куәгерлерін көптеп кездестіруге болады. Олардың балалары алаптағы  №83 жалпы білім беретін мектебінде тәлім алады. Мұғалімдердің айтуынша діни бірлестік өкілдерінің балалары ҚР Мемлекеттік рәміздерін сыйламайтын көрінеді. Көк туға  мойын  бұрып әнұранды шырқамайды екен. Мұғалімдер балалардың бұл әрекеті өзге оқушыларға кері әсер етеме –деп алаңдайды.
 Жанұзақ Жандаров – №83 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары
Бізде түрлі дін  мен ұлт өкілдерінің балалары  оқиды. Соның ішінде Егова куәгерлерінің балалары оқиды. Олар мектептің ішкі тәртібіне бағынады. Бірақ бізді алаңдататыны мемлекеттік әнұранды орындамайды. Біз қазіргі таңда осы мәселеге байланысты жұмыстар атқарып жатырмыз.  
Шымкент қаласында иегова куәгерлерінің  3 шіркеуі емін еркін жұмысын жалғастыруда. Діни бірлестік нысандарының маңындағы көше тұрғындарының уайымы бір. Барлығы бала-шағасының болашағына алаңдайды. Себебі  Иегова куәгерлерінің мүшелері насихат жұмыстарын шіркеу сыртындада  жүргізетін көрінеді.   
К. Дүйсенбі

 

Тақырып бойынша материалдар

«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА  2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН
19:42, 23 қыркүйек 2020
«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН А...
Толығырақ...
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
18:15, 23 қыркүйек 2020
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...