ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

12:40, 13 мамыр 2019

Түркістанда тұрмысы төмен отбасылар үшін қайырымдылық дүкені ашылды. Облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесі бірлесіп қолға алған игі бастамаға демеушілер белсенділік танытқан. Әлеуметтік дүкен әр аптаның сәрсенбі күні, көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетеді.

 Қайырымдылық жасау –ізетті іс. Қазіргі уақытта жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде  ізгіліктің мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды мейірімділік тұрғысынан қараудың маңыздылығы артып отыр. Түркістан сауда-саттықтың қаласы. Мұнда қоныс аударушылардың көбі саудамен айналысып, күнін көреді. Отбасын бағады. Сондықтан ашылып отырған дүкеннің маңызы зор дейді, - Түркістан қаласының әкімі.    

 Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Түркістан қаласына жан-жақтан көшіп келушілер көп. Осы жерден нәпақасын тауып жүргендер көп. Сондықтан әлеуметтік дүкеннің маңызы зор. Ақсақалдар алқасына айтар алғысымыз шексіз.

Көпшілікке қуаныш нұрын сыйлайтын игі істі, Облыстық Ақсақалдар мен «Қоғамдық келісім» кеңесі қол алды. Айлардың сұлтаны Рамазанда ашылған дүкенге қалталы азаматтар аянып қалмаған. Мәселен сауда нүктесіне айналған мына бір бөлмені, жергілікті демеуші ақысыз жалға беріп отыр. Ал сөрелердегі 5 мыңға жуық киім-кешек пен, 3 тонна азық-түлік жаны жомарт жандардың есебінен толықтырылған.  

 Жарылқасын Әзіретбергенов – Түркістан облыстық   Ақсақалдар алқасының төрағасы

Мөлтек- аудандардағы төрғалар арнайы зерттеп, тұрмысы төмен отбасыларды таңдап алады. Бұл дүкен аптасына бір ақ рет ашылады. Әр апта да бір күн 50 ге жуық отбасы қамтылады.    

 Айта өтейік аталған сауда орны, Түркістан қаласындағы Әл-Фараби көшесі, №26 үй мекен-жайында орналасқан.

Айзада Бидан – тілші

Дүкен аптасына бір рет, сәрсенбі күні ғана жұмыс істейді. Алайда көмек қолын созып, азық- түлік я киім-кешек таратамын деуші демеушілерге аптаның жеті күнінде есік ашық. Сондықтан қасиетті Рамазан айында жақсылық жасап жарысайық.

А.Бидан                                           

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...