ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

17:17, 13 тамыз 2019

Қайырымдылық әр адамның қолынан келеді! Тек, таза ниет болса жеткілікті. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда алғашқылардың бірі болып «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты.

Қазақстандық әрбір мектеп жасындағы бала орта біліммен қамтылуы тиіс. Бұл Ата заңда көрсетілген. Жазғы демалыстың аяқталуына санаулы күндер қалғанын ескерсек, балаларының мектепке дайындығын пысықтайтын ата-аналарға оңай. Әсіресе, көпбалалыларға мектеп формасы, сөмкесі, қажетті заттарын түгендеуі тиіс. Бұл ретте, республикалық «Мектепке жол» акциясына алғашқылардың бірі болып нұротандықтар ат салысып отыр.

 Бахадыр Нарымбетов - «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

  • Біз бұл акцияға үлес қоса отырып, басқа адамдарға үлгі болғымыз келеді. Олар да менде бір оқушының мектепке баруына жәрдемдесе аламын деген ойға қалуы керек.

 Еркін Сатқанбаев – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты 

  • «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері тарапынан қалада білім алатын 50-ден астам оқушының мектепке қажетті заттарын алып беріп отырмыз.

Бүгінгі шарада көмекке мұқтаж ба­ла­­лардың тізімін дайындалған. Оларға мектепке қажетті заттар салынған сөмкемен қатар, әр балаға 25 мың теңгелік сертификат табысталды. Бұл қаражатқа ата-аналар киім-кешектерін сатып алуына болады. Бұл үлкен көмек деген Әнел Қыдырғали өз алғысын айтты.

 Әнел Қыдырғали – оқушы

  • «Нұр Отан» партиясына өз алғысымды айтамын. Бұл бізге үлкен көмек болды.

«Мек­тепке жол» акциясы қыркүйек­ке дейін жалғасады. Ендеше, сіздің де мұқтаж отбасылардың балаларын қуантуға мүмкіндігіңіз бар. Жерде бір жетім жыласа, көкте мың періште күңіренеді. Олай болса, қайырымдылық -  қайырлы іс екенін ұмытпағайсыз.

Р.Бақытжанқызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...