ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ

13:36, 20 қараша 2019

Шымкентте «Ақмешіт қайырымдылық мекемесі» өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Қос ғимарат 120 балаға лайықталған. Салтанатты ашылу рәсіміне жиналғандар бұл мекеме елімізде алғашқы ашылған нысан екенін тілге тиек етіп, жаратқанға мадақ айтты. ҚМДБ қазақы салт-дәстүр мен асыл дінімізді байланыстырып, шәкірт бойына құнды ілім құю арқылы Ұлттық патриотизмді көтереміз, деп отыр.

Аталмыш оқу ордасы жастардың бойына рухани құндылықты   сіңіріп, құран айяттарын толық  үйретеді. Онда шәкірттердің алаңсыз білім алуына барлық  жағдай жасалған. Білімін шыңдап, ілім жинауға білікті ұстаздар мен оқу аудиториялары замана сұранысына лайықталған. Үш мезгіл жылы тамақ пен жатын орындары тұрмысқа қажетті заттармен толық қамтылған. Мұнда көпбалалы отбасынан шыққан жастар мен әлеуеті әлжуаз топтағы жанұя мүшелері  сабақ алады.

Мұхамеджан Естеміров – Шымкент қалалық «Ақмешіт қайырымдылық мекемесінің» директоры

Түркістан облысының кез-келген аймағынан шәкірт қабылдауға ыңғайлы оқу ордасы көпке қуаныш сыйлады. Енді аудан-қаладан да келуші жастарды мұндағы мамандар асыға күтеді. Қайырымдылық мекемесі салтымызды сабақтап, дәстүрді дәріптеу арқылы діннің мазмұнын терең түсіндіруге бағытталып отыр. ҚМБД-ның басымдық берген бағыттарының бірі де осы. 

Мұхамеджан Естеміров – Шымкент қалалық «Ақмешіт қайырымдылық мекемесінің» директоры

Қазіргі уақытта түрлі ағымдар мен ұйымдар бар. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Сондықтан мұндай орталық ілімді жастардың қатарын арттыру үшін қажет-ақ.

Н. Мұхамеджанұлы

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...