«Қақпа алдындағы кездесу» - Түрмеден кейінгі өмір

«Қақпа алдындағы кездесу». Шымкенттегі ИЧ-167/4 мекемесі түрмеден босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арнап, арнайы жиын ұйымдастырды. Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы бар

19:36, 20 сәуір 2017   314

Осыған сәйкес, тәртіп сақшылары түзеу мекемесінен босатылған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж болған жағдайда тиісті жәрдем берілетінін айтты. Олардың қайта қылмысқа бармаулары үшін ең алдымен, еңбекпен қамтылуы маңызды. Светлана Федорова 5 жылдан астам өмірін қатал тәртіптегі түзеу мекемесінде өткізген. Қылмыс жасап, абайсызда от басқан келіншек қаншама жылы келмеске кеткеніне өкінеді. Дегенмен темір тордың арғы жағында қарап отырмай, шаштаразда жұмыс істеген. Азын-аулақ табыс тапқан. Енді бостандыққа шықса, осы кәсіпті жалғастыруға ниетті. Басында бірақ бір қиындығы бар. Баспанасы жоқ. Ішкі істер саласының мамандары айыбын өтеген әйелді әзірге оңалту орталығына орналастырмақ.

Светлана Федорова - Бағдарлама қатысушысы

Мен бостандыққа шыққаныма өте қуаныштымын. Жан тебіренісімді айтып жеткізу қиын. Өзіммен бірге жазасын өтеп жатқандар да ертерек отбасына қауышуды тілеймін. 

САТТАР Есімбеков 

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07