ШҰҒЫЛ! КӨШПЕЛІ КІТАП КЕРУЕНІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

18:12, 27 қаңтар 2020

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін тыңдады. «NurOtan» партиясы қалалық филиалында өткен қабылдауда азаматтар шаһар басшысына арыз-шағымдарын жеткізді. .

Кездесуге келген Ануарбек Исабеков өзін мазалаған кәсіпкерлік төңірегіндегі ұсынысы мен өтемақы төлеу бойынша ойын айтты. Ал, Айгүл Ағманова бизнесіне қажетті жер теліміне қатысты сауалын жолдады. Джамаладдин Абдрахманов өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келетінін жеткізді. Қабылдауда болған әрбір азаматтың арыз-шағымын жеке-жеке тыңдаған Рашид Аюпов жұрт көтерген мәселенің тиісті шешімін табатынын жеткізді. Түркістан қаласының әкімі ақпанға дейін мәдениет сарайында күн сайын  қабылдау өткізетін болды.

 Джамалиддин Абдрахманов- Түркістан қаласының тұрғыны

Менің мамандығым экономист. Денсаулығыма байланысты жұмыссыз қалдым. Маған бұған дейін көше тазалау жұмысын ұсынған. Бірақ менің денсаулығым оған келмейді. Енді тест тапсырып әкімдікке жұмысқа раналассам деп отырмын.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар