ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

17:17, 13 тамыз 2019

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар мен тұрғын алаптарды аралады. Жұмыс сапарында мегаполис мэрі Түркістан облысынан қосылған елдімекендердің инфрақұрылым проблемасын шешу жолын көрсетті.

«Базарқақпа», «Қарабастау" тұрғын алабы мен «Көксай-2» және «Көксай-3» шағынаудандарын аралаған қала әкімі алдымен тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Түркістан облысының Сайрам және Төлеби аудандарынан Еңбекші ауданына қосылған 16 елдімекеннің инфрақұрылым мәселесі бойынша аудан әкімі Ғалымжан Ильясов баяндады.
Мұнан кейін Ерлан Айтаханов ауыл билерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, қордаланған мәселелердің түйінін тарқатты. Атап айтқанда, аудандағы істен шыққан кәріз жүйесі, «Сайрам су» өзенінен өтетін ескі көпірге күрделі жөндеу жүргізу, «Бадам» өзенінің үстімен өтетін жаңа көпірдің құрылысы, жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру мен әлеуметтік нысандардың қажеттілігі сынды проблемалар көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы электр қуаты мен ауыз су және газ мәселесі де көтерілді. Шымкент қаласының әкімі болса бұл мәселелердің рет-ретімен шешілетінін айтты. «Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елдімекен бар. Олардың көбінде әлі күнге дейін ауыз су, жарық, көгілдір отын мен қатынас үшін көше жолдары жоқ. Қала басшысы аудан әкімі мен сала басшыларына елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

Н. Мұхамеджанұлы           

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...