ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ СУ БАСҚАН ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БАРДЫ

22:09, 14 мамыр 2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Айта кетейік, кеше сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты нөсер салдарынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құраған. Көп мөлшерде келген судан арық арнасынан асып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су шайған. 14-ші мамыр күні  сағат 12-00-дегі жағдай бойынша аталған елдімекенде жауын-шашын салдарынан 60 аула учаскесі мен 60 шаруашылық құрылыстарын су басқан. Оның ішінде 24 тұрғын үйді су басқан, 5 шаруашылық нысан қираған. Мамандардың пікіріне сүйене отырып алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауғ аалуды міндеттеді. Сонымен қатар, әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара қолданылатынын мәліметті.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Су басу аймағынан 300 адам эвакуацияланды, оның ішінде 294 адам туысқандарына және 6 адам №119 ОМ базасында эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оқиға орнында 4 қосалқы эвакуациялық пункт дайындалды. Қала әкімінің тапсырмасымен ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылған. Сондай-ақ №6506 ә/б күшімен қазіргі уақытта 7000 м3 су сорылды, каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Аула учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...