ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ОРТАЛЫҚТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

19:40, 6 наурыз 2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 8-наурыз мерекесі қарсаңында әйелдер қауымына сый жасады. Шымкент қаласында өткен «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі аясында жасалған дүниелерге ризашылығын білдіре отырып, шебер нәзік жандылардың алаңсыз жұмыс жасаулары үшін «Ақысыз алаңды» сыйға тартты.

Бұл ғимаратта енді он саусағынан өнері тамған барша арулар еңбектенетін болады. Құрақ құрап, көрпе тігіп, қазақ өнерін одан әрі дәріптеймін деген жанға орталықтың есігі әрдайым ашық болмақ. Яғни, үй шаруасында отырған әйелдерге және көп балалы аналарға тігіншілік өнерін тегін үйренуге зор мүмкіндік туды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясының иегері Ырза Тұрсынзада қыз-келіншектерге тігін шеберлігінің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, игі бастаманың басы қасында болды. Қала басшысының қолдауына ие болып, енді шымкенттік аруларға тиесілі ғимаратқа өз қолтаңтаңбасын қалдырып барамын - дейді. Алдағы уақытта бұл жерде шебердің ізбасарлары сабақ өткізіп, құнды дүниелерді ұсынбақ.

Ырза Тұрсынзада - ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясының иегері

Шапағат Ахметова – қөлөнер шебері

Нәзік жандылардың шуақты мерекесі қарсаңында ашылған «Ақысыз алаң» барша әйелдер қауымына үміт сыйлағандай. Алдағы уақытта осында келіп, байырғы құрақ құрау өнерін үйренуге болады. Одан әрі өз кәсібіне айналдырып, қазақ өнерінің жанашары болуға әрқайсысының да мүмкіндігі зор...

М. Жорабай                                                            

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...