ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

13:54, 16 қыркүйек 2020

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 проценттен астамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Қала әкімі, алдымен, әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылу қазандығына барды.

2015 жылы іске қосылған қазандық 1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда мол жылу бере алатын BOSCH LOOS UT-HZ пештері орнатылған. Мұндағы отынның негізгі түрі — табиғи газ. Қазандықтың ең жоғарғы қуаттылығы — сағатына 163.5 Гкал. Ол көпқабатты 78 тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратқа жылу береді.Мұнан кейін қала әкімі шаһардың оңтүстік бөлігіне жылу беретін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына қарасты қазандыққа ат басын тіреді. Бұл компанияның иелігінде 11,7 шақырым магистралды жылу құбырлары бар. Қазір қазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толықтай аяқталады.Сондай-ақ, қала әкімі Сайрам тұрғын алабында орналасқан халықты көмірмен қаматамасыз ететін базаның жұмысымен де танысты. Жалпы, қалаға жылу 11 қазандық пен 1 жылу-электрстанциясынан беріледі. Айта кету керек, қазір барлық 11 қазандық жөндеуден өтіп, алдағы қысқа тас-түйін дайын тұр. Ал, 17 сорғы станциясының 15-і (88%) дайын. Қалған 2 станцияда  жұмыс 25 қыркүйекке дейін аяқталады.Нысандардың жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты азаматтарға белгіленген мерзімде тұрғындарды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етуді тапсырды. Қалада 479 бюджеттік мекеме жұмыс істеп тұр. Оның 271-і жеке қазандықтармен жылытылса, 208-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...