ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

16:36, 10 қазан 2019

Шымкенттегі 63 шағынауданда тұратын тоғыз жүз қырық мыңнан астам адам таза ауызсумен қамтылған. Бұл қала тұрғындарының 93 пайызын құрайды. Қалғандары тіршілік нәрін кесте бойынша ұңғымадан немесе құдықтан алып ішеді. Қазіргі таңда, 11 елдімекенді электр энергиясымен қамту мақсатында бағаналар тартылып жатыр. Бұл мақсатта мемлекет қазынасынан 27,2 млрд. теңге қаралған.

Мегаполис тұрғындарының 92 пайызы сапалы электр қуатын тұтынады. Ал, халықтың 8 пайызы әзірге қосымша жөндеуді қажет ететін ескірген электр желілері арқылы жарық алып отыр. Алда бағанар тартылып, жүйе толықтай ауыстырылады. 

Алтай Әли – Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы  45 нысанға бөлінген қаржы толық игерілген. Оның ішінде ауызсумен жабдықтау жобасы 14, су құбырымен 12 жоба, электр қуаты 11, газбен жабдықтау 3, жылумен, жол құрылысы бойынша 3 жоба жабдықталды.

Биыл Қайтпас-1, Қайтпас-2 мөлекауданының кәріз жүйесін ретке келтіру мақсатында 1,5 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейін  бірнші нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тағы осындай 7 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жыл соңына дейін қаладағы үш бірдей мөлтек аудан көгілдір отынға жалғанады. Қала аумағындағы 14 елді мекенге 160 аялдама орнатылмақ. Оған қазынадан 76 миллион теңге қаралған.

Алтай Әли – Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы  Санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млрд. 498 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 516,4 шақырымды құрайтын 190 көшеге қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүрді.  Жасыл желек және күтіп ұстау жұмыстарына 2 млрд. теңге бөлінген.

Шымкент қаласы қысқы маусымға сақадай сай. «Энергоорталық» қоймасында 10 күнге жететін 8340 тонна мазут бар. Қаладағы 1889 көпқабатты тұрғын үйдің 90 пайызының ішкі жүйелеріне қысымдау жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен 654 млн теңге қаралып, 511млн қаржы игерілген.

Д.Өмірзақова                      

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...