Қала құрамына енсе де, қарқ болмаған "ауыл"

Қаланың іргесіндегі «Бадам-1» ауылының тұрғындары билікке өкпелі. Елдімекен Шымкент аумағына өткенімен өркениеттен өгейлік көріп отыр. Ауыз су лас, электр жарығы мардымсыз, ал, табиғи газ бен сапалы жол – алабұртқан арман!

14:48, 20 сәуір 2017   276

 «Бадам – 1» дегі бірінші мәселе - сапалы ауызсу. Кеңес Өкіметі тұсында орнатылған су айдағыштың бұл күнде әбден тозығы жеткен. Құбырлары шіріген, әуіті ластанған.

Атқамшы Рустамшық – «Бадам-1» елдімекенінің тұрғыны

Водопроводтың суы ішуге жарамсыз. Фильтрі жоқ. Ол судан тіпті, құрт шығып жатыр.

Электр жүйесін жұртшылық өздері жүргізген екен. Жамау-жамау сымдар сәл жел тұрса, әр жерден үзіліп, ауылда жарық өшеді. Ескі трансформаторлардың берген жарығы сығырайып адамның көзін талдырады.

Наргиза Құлметова - «Бадам-1» елдімекенінің тұрғыны

Бадамдағы жағдайы бар тұрғындар көгілдір отынды өз қаржысына жүргізген. Алайда, әлі 70 үй табиғи газ рахатын көре алмай отыр.

Рүстем Рахманқұлов – «Бадам-1» елдімекенінің тұрғыны

Мен 52 жасқа келсем, бұл жерде 52 жыл газ болмады. Алдымыздағы көшелер өз қаржысына тартып алды. Ал, біздің қаржымыз жоқ.

Төлеби ауданынан Шымкентке еншіленген «Бадам -1» елдімекені қазір Еңбекші ауданына қарайды. Тұрғындардың мәселесін тыңдаған аудан басшысының орынбасары бұл проблема басты назарда екенін жеткізді. Елдімекенді коммуникациямен қамтуды Шымкент қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөлімі қарастырып жатыр. 

Нұрлан Бектұрсынов – Шымкент қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары

 «Бадам -1»-дегі көшелер шұрқ тесік. Ауыл іргесіндегі өзен жағасы қоқысханаға айналған. Алайда, бүгінгінің өзекті мәселесі сол - ауызсу, электр жарығы мен көгілдір отынның жоқтығы.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07