ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

«ҚАЛАНЫ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТАЗА ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫРАМЫЗ»

12:33, 17 шілде 2019

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Түркістан қаласының белсенді жастарымен кездесті. Жиында жастар рухани шаһарды дамыту жолындағы ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейкесті сауалдарын жолдады.

Шарада көп толғантқан мәселе рухани шаһардағы қоғамдық көліктің жай-күйі мен тазалығы. Жастарады алаңдатқан тағы бірі -  қалалық жастар ресурстық орталығы ғимаратының сапасы сын көтермейтіні және ондағы мамандар тапшылығы.  Жиында адамды құрдымға сүйрейтін букмекерлік кеңселерді түпкілікті жою немесе қала орталығынан көшіру жағы сөз болды. Келгендер әкімге қала көркін қыздыратын «Жастар театры» ашылып, әлемдік додаларға баратын спортшыларға көбірек көңіл бөлуін сұрады. Сондай-ақ, Түркістанға туристерді тарту мақсатында әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жасап, түрлі бейнероликтер түсірілу қажеттігі айтылды. Өз кезегінде Рашид Абатұлы алдағы уақытта қалада апта сайын оң өзгерістер болатындығын атап өтті. Жастарды әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады. Елдің болашағы жастардың қолында екендігін баса айтып, білімді болуға, тіл үйренуге үндеді. Жастармен бірге қасиетті қаланы қауіпсіз және таза қалаға айналдырамыз,- деді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...