ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚАНДАСТАРЫМЫЗ АТАЖҰРТТА ТОЙ БЕРДІ

16:54, 19 тамыз 2019

Қазығұрт ауданына қарасты Қызылсеңгір ауылын жат мекеннен ата жұртқа оралғандар мекен етеді. Туған елге оралып, атамекенге қоныстанғандарына 30 жыл толуына орай, ауыл жұрты ас берді. Бұл күні тұрғындар концерт тамашалап, бейбіт елде өмір сүргендеріне шүкіршілік айтты.

 «Ауылым алтын бесігім» аясында ұйымдастырылған  іс шараға арғысы Тәжікстан, бергісі Батыс Қазақстан, Астана, Алматыдан арнайы қонақтар келді. Атажұртта емін-еркін өмір сүргендер көтеріңкі көңіл-күймен мәре-сәре күйге бөленді.  Қызылсеңгірге Тәжікстаннан алдымен 5 отбасы көшіп келген. Солардың бірі – Ғайыпназар Сәпиев.

Ғайыпназар Сәпиев – Қазығұрт ауданының тұрғыны

Бұл жерге көшіп келгенде сол ел болып, жұмылып, осы ауылдан орын берді. Мына ақысақалдар атсалысып, осы елді-мекенді гүлдендірдік. Қазір міне, мидай жоңыршқа өсіп жататын дала еді, гүлденді.

Алқажан ақсақал айтулы жиынға Ақтаудан келген. Қиналғанда демеу болып, қандасын бауырына басқан қазыұрттықтарға алғысы ерекше.

Алқажан Еділхан – Ақтау қаласының тұрғыны

шетте жүрген бауырларымыз елге оралып бүгінде егемен еліміздің шапағатын көруде

Қазір Қызылсеңгірде 300-дей түтін бар. Алғашқы жылдары мектепке баратын балалардың саны 10-15-тей ғана болған. Қазір көрсеткіш еселенген. Жаңадан салынған заманауи білім ошағында 500 оқушы білім алуда.

Мұса Оразов – Қызылсеңгір орта мектебінің директоры

Қазір мектеп жаңа, балалар толы. Тұрғындар да көбейген. Жалпы бұл ауылдың балаларының ынтаықыласы да ерекше.

Бұл күні қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді. «Туған елге тағзым ет»,-деген ел азаматтары жерлестерін қуантып жатты. Термешілердің термесі тыңдалып, ақындар атамекенге жыр арнады.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ                       

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...