ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИН 25 МАМЫРҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

15:42, 20 мамыр 2020

Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталған. Дегенмен 25 мамырға дейін қала аумағындағы карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда.


Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде. Сергек блок-пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде. Ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда. Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін азық-түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде. Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Оған қандайда бір өзгерістер енгізілген жоқ. Қаладан тыс және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушілеріне бұғаттау бекеттерінен өтуге рұқсат берілмеген.
Төлеген  Боранбаев  - Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция капитаны
Бұғаттау бекеттерінен өту уақыты шектелмеген. Ондағы қызметкерлер үш аусымда тәулік бойы жұмыс атқаруда.
Ә. Дәулетбекқызы                                                                

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...