ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ

15:40, 2 шілде 2020

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхананы анықтады. Өңірде инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан облыста карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Түркістан облысының бас санитарлық-дәрігерінің шешіміне сәйкес шектеу шаралары қайта күшейтілді.Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлім, басқарма қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертеді. Кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертіліп жатыр. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып  жүру тиістілігі айтылады.​Оның ішінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Десек те айтылған ескертулерге қарамастан, талаптарға бағынбау жайты бойынша полицейлер құқықбұзушылықты анықтады. ​​​​Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды бақылап, рейд жүргізу кезінде Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан мейрамхананың жұмыс істеп, ішінде адамдар топтасып, құдалық өткізіп жатқанын анықтады. Осы заңсыздық бойынша қажетті материалдар жинақталып, әкімшілік шара көру үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілді.​​​Бұдан кейінгі күндері де полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескеруін ұғындырып, қадағалап, рейдті үздіксіз ұйымдастырып отыратынын ескертеміз.



 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...