ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛУЫ МҮМКІН

18:51, 21 мамыр 2020

Коронавирустық инфекциясының қайта тіркелу фактілерінің көбеюіне байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін деп күтілуде. Осыған байланысты білім жүйесінде көптеген мәселелер туындап отыр. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ата-аналар мен оқушылардың тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Мектепке дейінгі мекемелер 25 мамырдан бастап іске қосылатын болған. Алайда, қаладағы қауіпті дерттің өршуіне байланысты мерзім ұзартылуы мүмкін. Әзірге Шымкенттік бас санитар дәрігердің рұқсатымен бірнеше бала-бақшалар жұмысын бастайды. Бірақ қойылған талаптар да бар.
Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы
Бізге белгіленген құжаттардың негізінде баланың денсаулығы бірінші кезекте. Егер де шын мәнінде ата-анасы, үйінде қарайтын адам жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар, баланың денсаулығы жақсы екендігін дәлелдейтін құжаттамалар сонымен қатар, баланы қабылдайтын кезінде дене қызуы тексеріледі. Жағдайы жақсы болса, аса қажетті деп танылған қатардағы балаларды жәйлап-жәйлап қабылдауды бастаймыз.
Ал, мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру және соңғы қоңырау  салтанаты 3-4 маусым күндері өтеді. Іс-шара мектеп мектеп аумағында, ашық алаңда ұйымдастырылады. Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады. Әрбір түлекпен тек ата-анасының біреуі қатыса алады. Және маскалық режиммен ара қашықтықты сақтау шаралары да қатаң бақылауда болады дейді, білім басқармасының басшысы.
Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы
2019-2020 оқу жылы барша білім саласына жоспарсыз жаңалық әкелгені рас. Мұғалімдер мен оқушылардың бірін бірі сағынып қалғаны да жасырын емес. Қуантарлығы, мектеп бітіруші түлектерге өз білім ұяларына барып, соңғы қоңырау кешін ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Алайда, тәртіпке бағынған құл болмас. Әзірге ешқандай мерекелік шараларды өткізуге рұқсат жоқ.
 М. Жорабай                                            

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар