ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР

18:28, 14 қаңтар 2021

Шымкенттің шеңберіне кейін қосылған елдімекендерде карантин талаптары ақсап тұр. Антисептик қолдану былай тұрсын тіпті қарапайым бетперде тағатын азаматтар қатары азайған. Әсіресе Сайрам түрғын алабында сақтық шаралары солқылдап тұр.

Мегаполисте жыл басынан бері каронавирус жұқтырғандар қатары артып отыр. Қаңтар айының алғашқы 13 күнінің  өзінде 140 адам қауіпті вируспен тіркелген. Ал сайрам тұрғын алабының тұрғындары сақтыққа мән бермей жүр. Сақтанбай көшеде жүрген халық өз алдына тіпті дүкен, базарларда сауда істейтіндердебетіне бетперде ілуді ұмытқан. Азық түлік ет өнімдерін сататын дүңгіршектерде карантин талабы мүлдем орындалмай тұр.

Ал қоғамдық көліктерде жағдай тіптен сорақы. Тығыз қарым қатынаста жол жүретін жолаушылар сақтыққа мән бермей отыр. Жолаушыларға тәртіпке шақыратын тасымал компания өкілдерінің өзі карантин тәртібін аяқ асты етіп жүр. Жолаушылар түсірілім тобын көргеннен кейін сөмкедегі маскаларын алып тағып жатты.

Тұрғын алапта40 мыңнан астам халық бар. Оларға 162 азық-түлік дүкені мен 2 базар, 4 ірі сауда орталығы қызмет көрсетеді. Санитариялық дәрігерлер барлық кәсіпкерлік нысан иелеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізген. Елдімекен орталығындағы базарды карантингеде жапқан. Бірақ тәртіп қазір босаңсып кеткен.

Тақырып бойынша материалдар

 ШЫМКЕНТТЕ  5 ЖЫЛДА 123 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
18:32, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА 123 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Толығырақ...
«АҢСЫЗ ЦИРК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ
18:30, 20 қаңтар 2021
«АҢСЫЗ ЦИРК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар