ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

КАРАНТИНДЕ 178 АЗАМАТҚА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

15:57, 4 тамыз 2020

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішевтің қатысуымен баспасөз брефингі өтті. 7 айдағы эпидемиологиялық ахуал мен қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №30 қаулысы тақырып өзегіне айналды.

Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, осы жылдың 7 айында Шымкент қаласы бойынша оба, тырысқақ, құтыру, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит және сальмонеллез аурулары тіркелмегені айтылды. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендеуі байқалғанын айтады.

Ғалымжан Әбішев - Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Брифингтегі сұрақ-жауап барысында Ғалымжан Мотайұлы шектеу шаралары мен санитарлық нормаларды бұзған азаматтар және кәсіпкерлік нысандарға салынған айыппұл жөнінде тілге тиек етті. Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері бүгінге дейін шым шаһарда 178 хаттама толтырылған. Яғни 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Одан бөлек, карантин режимі мен санитарлық нормаларды сақтауды бақылау нәтижесінде инфекциялық аурулардың төмендегені айтылды.

Ғалымжан Әбішев - Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Айта кетейік, Шымкент қаласында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуын алдын - алу мақсатында карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 3 тамызынан 17 тамызына дейін ұзартылған.

Нұрсұлтан Мұхамеджан   

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...