
Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік жұмыстар жалғасуда. Шымкент қаласына қарасты еңбекші ауданы аумағында коронавирус инфекциясының алдын - алу және таралуын болдырмау бойынша маниторингтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Белсенді топта аудандық полиция басқармасы, әкім аппараты, прокуратура, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері бар.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында Тауке хан даңғылында орналасқан «Тұмар» мейрамханасында азаматтар карантиндік талаптардың бұзылуына жол беріп, той өткізіп жатқаны анықталған. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Тәртіпті елемей, карантиндік шектеу талабына бағынбағандардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерлік нысандарын тексеру бағытындағы жұмыстар әліде жалғасын табатын болады.