ШҰҒЫЛ! САЯЖАЙДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӨСІМДІКТІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРАТАС КӨШЕСІНЕ ДЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

20:07, 14 мамыр 2020

Тәулік бойы жауған тасқын судан келген қауіп нөсер жауын тоқтамай, сейілетін сыйқы жоқ. Елтайдағы Қаратас көшесінің тұрғындары да күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалды. Елдімекен қыр жағалай орналасқандықтан, арық-атыздан аққан су төменге қарай ылдилап ағып жатыр. Шақшадай басы шарадай болған бұқараның жағдайын тілшіміз көріп келді

Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады. Елтай елдімекеніндегі Қаратас көшесінде екі жүзге жуық шаңырақ бар. Тәулік бойы жауған нөсер салдары мұндағы жұртты да әбігерге салып қойды. Ағын су аулаларды шайып, қақпаларды қиратып кетті.
Гүлнәр Құланбаева - Қаратас көшесінің тұрғыны
Қаратастағы қарашаның уайымы қырға жиналған шайынды судың салдары. Төбе жағалай қоныс тепкен тұрғындар түні бойы көз ілмегендерін айтады. Төтеншеліктерді шақырып, су жиналған көлдің жағалауын қақпайлағандай болыпты. Бірақ, оларынан нәтиже жоқ. Өйткені, техниканың мұнда жетуінің өзі мұң көрінеді.
Зафар Қаһаров – Қаратас көшесінің тұрғыны
Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші
Сақтанғанды Құдай сақтайды. Қауіптің алдын-алмаса, Қаратастағы халықтың жағдайы қиын боларынан жергілікті билік өкілдері де хабардар болып шықты. Еңбекші аудандық әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдері келіп, көлдегі жиналған суды ағызбаққа әрекет етті.
Нұрболат Дербісов – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар депортаментінің бастығы
Су басқан аймақтағы ахуал Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың жіті бақылауында. Шаһар басшысы халықты болған іске болаттай берік болуын сұранып, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды. Бастысы адам шығыны жоқ. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар қажетті заттармен қамтылуда.  
Г. Қалмырзақызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ДИЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛУДА
15:16, 9 шілде 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ДИЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛУДА
Толығырақ...
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА
15:13, 9 шілде 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...