ШҰҒЫЛ! АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҰЗЫП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАРИЯЛЫ ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ

12:22, 1 қазан 2019

Қариялы ел – қазыналы. Осындай атаумен Ардагерлер үйінде мерекелік шара өтті. Мақсаты – қариялар кемеңгерлігі мен данагөйлігін келешек ұрпаққа ұлағат ету. Толығырақ тілшіміз Перизат Ортай тарқатады.

Қазақ халқы қашанда қариясын құрметтеп, қазынаға теңеген. «Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен жиын – оған айқын дәлел.

Жәнібек Тағаев - Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Бүгінгі шара осы біздің дәстүрлі әндерімізді, ғұрыптық әндерімізді дәріптеп, қарияларымыздың көңілін көтеретін шараның бастауы деп білемін.

Қариялар салған сара жол бізді жарқын болашаққа жетелейді. Салтымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптеп жүрген қарттарымызды құрметтеу – бізге парыз. Жиын барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, бата берілді.

Нармахан Бегалиев -  К.Симонов  атындағы және «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлықтарының иегері

Бұл жиынның берері көп деп ойлаймын. Себебі, қазақта сөз бар: «Уықты ұстайтын-басқұр, халықты ұстайтын-дәстүр»

Татулық пен берекенің, даналық пен парасаттылықтың символы болған қарияларымыз тек қарттар күні ғана емес, жылдың әрбір күнінде сый көруге лайықты. 

Перизат Ортай                                              

Тақырып бойынша материалдар

ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
13:41, 27 мамыр 2020
ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
18:29, 22 мамыр 2020
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...