ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

21:18, 1 қазан 2019

Таңертеңгі сағат 9-дан бастап, өз аумақтарын қоқыс-қалдықтан тазартқан жастар бұл шараны қариялардың мерекесіне арнап отыр. Қиын күндерді бастан өткізіп, бейнетімен ерекшеленген қарияларға қашанда құрмет жоғары. Осы ұранды ұстанған М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенттері сенбілік ұйымдастырып, ауланы тазартты. Қаланың тазалығы мен көркі көңілге қуаныш сыйлайтынын ойлай жүрейік!

 

Тазалық – денсаулық кепілі. Қаламызда  қоршаған ортаның тазалығын сақтау, көріктендіру, көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы істер ауқымды. Кезекті мерекеге байланысты  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенттері, ұжым қызметкерлері бір кісідей ат салысты. 30-дан аса білім алушылар қатысты. Қарттарымыз тұратын ауланың тазалығына үлкен көңіл бөлуде. Тұрғындарда ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Мағжан Ноғманов -  М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенті

Белсенді жастармен жұмыс істеп Шымкент қаламыздың қарттарына көмегімізді тигізіп жатырмыз. Қарттарымызды аялап, қадірдейік. //00:39//

Мария Кирилова- Шымкент қаласының тұрғыны

Мерекеге орай бұл ерекше сый болды. Біз сыртқа шықсақ қаншама адам қоқыстарын тастап кетеді. Ешкім артынан жинап кетпейді, біз қаншама  рет айттық, бәрібір. Міне бүгін қасымызда орналасқан колледждің білімалушыларына рахметімізді айтамыз. Барлығы келіп біздің көңілімізді аулап ,ауланы тазалап жатқандарына алғыстарымыз шексіз.

Қартын қадірлеген елдің қазынасы ортаймайды. Осы тәмсілді әрдайым қаперінде ұстайтын  Шымкенттік жастар  қарттарға құрмет көрсетуден жалыққан емес.

Ұлдана Байниязова    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...