ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАШҚЫНДАР ҮШ ЖЫЛДАН КЕЙІН ҰСТАЛДЫ

19:15, 24 қаңтар 2020

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері 3 жылдан бері қолға түспей жүрген қос бірдей күдіктіні құрықтаған. Олардың бірі кезінде жүргізуші куәлігін жасап берумен айналсқан топтың мүшесі Бейбіт Әміреқұлов болса, енді бірі тергеуші қызметін атқарып жүріп сыбайластыққа жол берген Асқан Мұсабаев. Еске салсақ екуіде 2016 жылдан бері ұстатпай қашып жүрген болатын. Сонымен қатар, өткен жылы өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты 114 қылмыстық іс тіркелге . Бұл туралы ведмостваның жыл қорытқан есебінде айтылды.

Сыбайластықпен күрес күшейген сайын бармақ басты көз қысты әрекетке баратындардың қатары азаймай отыр. Себебі, былтыр өңірдегі сыбай жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде 114 қылмыстық іс тіркеліп оның 88-інде сыбайлас жемқорлық фактісінің бары анықталған. Сөйтіп жыл соңына дейін оның 81 өз дәлелін тауып сотқа жолданыпты.

Ғанижан Асанұлы - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Анықталған сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарында орын алғаны айқындалды. Осындай жерлердің барлығына департаменттің қайта құрылған сәтінен бастап қол жеткізілді.  

Сонымен қатар өткен жылы сыбайластыққа қатысы бар 328 іске нүкте қойылған. Ал, сол істерден мемлекетке 373 млн теңге залал келгені анықталып оның 99 пайызы өндіріліпті. Осындай жұмыстарға қол жеткізген департамент өкілдері соңғы уақытта қылмыстың алдын алуға бет бұрған. Мәселен өткен жылы өңірде 600 мыңнан астам адамды қамтыған 3 мыңнан астам шара ұйымдастырылған. Оларға негізінен енді ғана мамандық иесі атанған жастар көптеп тартылыпты.

Ғанижан Асанұлы - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін аудан- қалаларда «Адал жолды таңдаймыз» жастар марафоны ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1 қыркүйек күні Рнеспублика бойынша бірыңғай Адалдық сағаты өтті.   

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Себебі, қылмыспен күрескенен оның алдын алған тиімді. Осыны ойға алған департамент басшылығы алдағы уақытта мониторингтік топтардың жұмысын жандандырмақ.

 Максут Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

БОРАЛДАЙ МЕН БӨГЕН АУЫЛЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ  ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
17:38, 14 тамыз 2020
БОРАЛДАЙ МЕН БӨГЕН АУЫЛЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...