ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

18:30, 30 қыркүйек 2020

Шымкент қаласы қашықтықтан оқыту бойынша Республикада көшбасшылар қатарында. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Жанат Арысбекқызының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда қаладағы орта білім беру ұйымдары оқушыларына таратылған компьютер саны 33 840-ты құрап отыр. Бұл көрсеткіш осы жылдың шілдесіне дейін 9226 болған. Ал, қыркүйек айының соңындағы мәліметке жүгінсек, 7438 компьютер, 2000 ноутбук және 4201 планшет сатып алынған. 
Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы

Шымкент қаласы Республика бойынша мектептерде «Bilim Iand-Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқытуда екінші орында тұр. Ал ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесі үздік үштікті қорытындылады. Бұл көрсеткіш – қыркүйек айының қорытындысы. Яғни, бұл Шымкент қаласында қашықтан оқыту барысы өз деңгейінде орындалып жатқанын көрсетсе керек.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы

Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбаының 35 798 баласы қамтылды.Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 44 982 оқушы қамтылады.Компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

НазкенCкандар                 

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...