ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

«ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА» ПЕРЗЕНТХАНАДА

14:36, 9 шілде 2019

Бір жыл бұрын Елбасымыз шілде айының алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні етіп бекіткен болатын. Биыл аталмыш мерекеге орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы 7-шілде күні «Қасиетті домбыра» акциясын өткізді.

Ұлттық домбыра күнінде  Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ерекше қарсы алуды ұйғарды. Осы мақсаттта   «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан қалалық перинатальдық орталыққа жол тартты.   Сонымен қатар    қалалық перзентханаға барып, мереке күні алғаш болып дүниеге сәби әкелген аналарға сый-сияпат табыстады.

 БАҚЫТГҮЛ РҮСТЕМОВА – ЖАС АНА

 «Қасиетті домбыра» акциясының негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық музыкалық аспабын дәріптеу арқылы қоғамға ұлттық құндылықтар мен мәдениетті тарату. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасының мәнін насихаттау да басты назарда. 

БАЛҚИЯ КӨМЕКБАЕВА – ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Қазақстандықтар ұлттық домбыра күнін осымен екінші рет атап өтті. Елбасы жарлығымен бекітілген бұл мереке қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, ұлттық аспаптың әрбір үйде болуын көздейді.

Шұғыла Тұрлыбек                                     

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...