ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚАСИЕТТІ ОРЫНДА ҚОНАҚЖАЙ СОҒЫЛДЫ

11:56, 7 маусым 2019

Төлеби ауданында туризмді дамыту ісі жалғасуда. Табиғаты көркем аймақтарға баратын жол, көпір жөнделіп инфрақұрылым жүйесі жеткізілуде. Ал жеке кәсіпкерлер қасиетті мекендерге барған саяхатшыларға жағдай жасауға кірісті.

Туристерге  бірінші кезекте жайлы жағдай керек. Осыны назарға алған Төлебиліктер жүйелі жұмысты бастаған. Шатқалдар мен табиғаты тамылжыған аймақтарға сапалы  асфальт төселіп көпірлер күрделі жөндеуден өткен. Енді ауданға  бизнесмендер тартылып биылдың өзінде бірнеше жаңа  демалыс аймақтары ашылғалы тұр.

Бауыржан Омарбеков  - Төлеби ауданының әкімі

Осы 2019-да іске асады деп жоспарлаған «Сайрам су резорд» Қасқасу қорығындағы демалыс аймағын күтіп отырмыз. Одан кейін Ақмешіт шатқалында «Таңсұлу» демалыс аймағы ашылады –деп күтіп отырмыз.

Төлебидегі  «Ғайып Ерен Қырық шілтен» мінәжәт орыны өңір жұртына таңсық емес. Дегенмен енді сол жерге барып түнейтін туристтерге оңтайлы жағдай жасалды. Мінәжат орынының жанында  жаңа нысан бой тіктеді. Қонақ үйде саяхатшыларға барлық жағдай жасалған.

Ораз Абдиров – «Ғайып Ерен Қырық шілтен» мінәжәт орнының шырақшысы

Осы қасиетті жердің құдыретін көріп жатырмыз. Келген азаматтарға осы жерді таныстырып көрсетіп шығарып саламыз. Бұл әулиелі орын адамзат шипа тілейтін орын. Ал артымыздағы нысан осында келушілер қонып кететін орын. Келушілерге барлық жағдай жасалған.

Тауы мен бауы келіскен көрікті мекен көркейе береді. Себебі Төлеби ауданында туризмді дамыту үшін кешенді жоспар түзілген. Алдағы уақытта Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары алысқа сандалмай іргедегі ауданда сапалы демалатын болады.

 К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...