ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

ҚАСЫМБЕК НҰРБЕКОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

18:35, 8 қараша 2018

Облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасында белгілі фотосуретші, кескіндемеші Қасымбек Нұрбековтың шығармашылық бұрышы ашылды. Қазақстан Суретшілер және Журналистер Одағының мүшесі өзінің қайталанбас еңбектерімен елге елеулі тұлғаға айналған-ды. Рухани орталықтың бай мұраларын толықтырған автор туындыларының әрқайсысы бір-бір әлем. Картиналар мен фотолардың өзіндік ерекшелігі бар.

Қасымбек Нұрбеков өткен ғасырдың 60-жылдарында республикалық «Лениншіл жас», облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде фототілші болып еңбек етті. Соңғысында 30 жылдан астам қызмет атқарды. Ол суретші үшін ең қиын болып табылатын жұмыс пен шығармашылықты қатар алып жүрді. Қасекеңнің қайталанбас белестерінен сыр шертетін еңбектерін енді жерлестеріміз алыстан іздемейді. Облыстың бас кітапханасы бұл сыршыл суретшінің туындыларына төрінен орын берді.

Сая Қасымбек – ҚР мәдениет қайраткері

Табиғаты тамаша күнгейдің тауы мен өзені. Тасы мен жотасы. Дархан даланың төсі мен ондағы ешбір өлкеде қайталанбайтын тіршілік. Қазақтың мінезін айқындайтын сайгүліктер қатысқан бәйгенің әдемі сәттері. Көрсең, көз тоймайтын туындалардың авторы – Қасымбек Нұрбековтың шығармалары  көпшілік көңілінен шықты. Суреттердің  қатарын қас-қағым сәттерден тұратын фотолар да толықтырып тұр. Жас ұрпаққа рухани шарапаты мол шарада ел ағалары сөз алып, суретші туралы естеліктермен бөлісті.

Байдулла Қонысбеков – ҚР Құрметті журналисі

«Қасекең — біздің Бәйдібек ауданынан шыққан тұңғыш суретші. Қасекеңнің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанның түкпір-түкпірінде көрсетілген көрмелерге қойылған.»

Жанға жылу сыйлайтын туындылар Қасымбек Нұрбектің ғұмырының қайталанбас белестері-тін. Шығармашылық бұрыштың салтанатты ашылуына суретшілер мен журналистер, автордың үзеңгілес жолдастары, ұл-қыздары, туыстары және ізбасарлары жиналды. Оқырмандар кітапханадағы туындыларды тамашалап, алған әсерімен бөлісті.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                                               

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...