ШҰҒЫЛ! ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ Толығырақ

ҚАТЕРЛІ ІСІК БІР КҮНДЕ АНЫҚТАЛАДЫ

13:46, 11 ақпан 2020

Отырар аудандық орталық емханасында қатерлі ісік ауруын анықтаудың жаңа жүйесі қолға алынды. Яғни, науқаста дерттің белгілері байқалған жағдайда бірден жасыл дәлізге өткізіледі. Қолына арнайы білезік тағылып, бір күннің ішінде қажетті тексеруден шұғыл түрде өтеді. Және де тікелей маманның бақылауында болады. Шалғай ауданда орналасқан емдеу мекемесінің мұндай жетістігі еліміздің бас онколог дәрігерлерінің назарын аудартты.

Отырар аудандық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтың айтуынша: «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры Диляра Хайдарова мен бас дәрігері Нұрлан Балтабеков жүзеге асырылып жатқан жаңа пилоттық жобаға назар аударған.

Райымбек Тасырбаев,Отырар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері  Алдыңғы сатыда анықтау бізде қазір жыл санап өсіп келе жатыр. Ол бағытта біз тарапымыздан істеліп жатқан негізгі бағыттар бұл жасыл дәліз. Осы пилоттық бағдарламаны біз іске қосып жатырмыз. Бұл арқылы біз уақытты үнемдейтін боламыз және де асынуға дейін жеттірмеуге болады.

Өңірге «Халықаралық қатерлі ісікпен күрес күніне» орай онкүндік аясында іс-сапармен келген жұмысшы топ өкілдері алдымен үйлестіру кеңесінде бас қосты. Соңынан қатерлі ісік ауруымен күрестің қай деңгейде жүргізіліп жатқандығын тексерді.

Диляра Хайдарова,«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры

Аударма! (30 пайыз адамдар ғана аурудың 1-ші сатысында келеді. Біз оларға сол жағдайда 100 пайыз көмектесе аламыз.. Алайда, көп науқастар дерттің ушығып, соңғы дәрежелерінде келіп жатады. Бірақ, білікті мамандардың көмегімен қазір қатерлі ісіктен көз жұмғандар саны азайған)

 «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» бас дәрігері Нұрлан Балтабеков емхана дәрігерлерінің біліктілік деңгейлерін де тексерді. Өзі дәрігерге келіп көрінуші ретінде отырып, барлық кабинеттердің қандай дәрежеде екендігін бақылады. Нәтижесінде, Отырар аудандық емхана қызметкерлерінің білім деңгейіне жоғары баға берді.

Бағлан Төлімбетов ,онколог дәрігер 00:33-01:05

Бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша 209 науқас қатерлі ісікпен есепте тұрады екен.  Ал, облыс бойынша 8 мыңнан астам адам осы дертке шалдығып, тіркеуге алынған.  Кең тараған түрлері бұл – сүт безі, өкпе, бауыр, асқазан обыры саналады. Онкологиялық науқастардың жас ерекшеліктері көбінесе 55 пен 79 жас аралығындағылар. Дәрігерлер ауруды асқындырмай, дер кезінде келіп, тексеруден өтуді сұрайды.

М. Жорабай                                      

Тақырып бойынша материалдар

ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ
17:54, 13 шілде 2020
ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ
Толығырақ...
ЕСКЕ ДЕ АЛДЫҚ,  ЕСКІНІ ДЕ ЖӨНДЕП ЖАТЫРМЫЗ
17:50, 13 шілде 2020
ЕСКЕ ДЕ АЛДЫҚ, ЕСКІНІ ДЕ ЖӨНДЕП ЖАТЫРМЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...