ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАН АНАЛАР КӨМЕККЕ ЗӘРУ

11:35, 11 наурыз 2019

Отандық медицина балалар мен қарт кісілерге көмек көрсетеді. Ал, аналар кейінгі кезекте қалуда. Осылай деген Шымкент қаласының тұрғыны Светлана Қуатова қатерлі ісікке шалдыққан кезде Оңтүстік Кореяда ем қабылдаған. Шетелдік дәрігерлер дерттен құлан таза айығып кетуге үміт бар,- деп отыр. Алайда ол үшін бағасы қымбат дәріні үзбей қабылдауы қажет.

Светлана Қуатова 2017 жылы сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Сол уақыттан бері химия терапиясын үзбей келеді. Былтыр ісік ошағында қайтадан рецедив болып, қараша айында ота жасаған. Науқастың ағзасы жас болғандықтан, ісік өкпеге жетіп, бір омырауын кесуге тура келген.

СВЕТЛАНА ҚУАТОВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-Сол отаның салдарынан қатерлі ісік өкпеме өтіп кеткен. 24-ші желтоқсанда компьютерлік тексеруден білдім. Содан ем ары қалай жалғасып жатыр. Врачтың рекомендациясы бойынша «ниволумаб» деген ісікке қарсы дәріні өзім сатып алуға мәжбүрмін. Себебі жеңілетін ой жоқ.

 Науқас келіншек "мен міндетті түрде жазылып кетуім керек" деп отыр. Себебі қызы мен жолдасы бар. Ал, отандық медицина ауруы асқынған науқасқа көмектесе алмайтын көрінеді. Сол себепті, екі аптада бір рет АҚШ-тың ниволумаб атты препаратын 2350 долларға алып ішуіне тура келеді. Қымбат дәріні қабылдамасқа болмайды. Себебі, ниволумаб - сүт безі қатерлі ісікке қарсы Нобель сыйлығын иемденген жалғыз  препарат.

СВЕТЛАНА ҚУАТОВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-Үлкен адам өз-өзіне көмектесу керек деп ойлайтын шығар. Бірақ, ол дұрыс емес. Себебі, өзім көмекке мұқтаж болып отырмын. Маған қаражаты бар, көмек көрсететін адамдар болса нұр үстіне нұр болар еді.

Шет мемлекеттерде қатерлі ісікке шалдыққан кез-келген науқасқа қайырымдылық қорлары көмек көрсетеді. Арнайы банктен счет ашып, ақша аударады. Сіздің де бір науқасты дерттен айықтырып, ажалдан арашалап қалуға мүмкіндігіңіз бар. Қайырымдылық жасағыңыз келсе, Светлана Қуанованың әлеуметтік желідегі парақшалары мен телефон номеріне хабарласуыңызға болады.

Рабиға Бақытжанқызы                                             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...