ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ҚАУЛЫҒА БАҒЫНБАСАҢ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ

14:41, 26 мамыр 2020

Шымкентте коронавирус қауіпі әлі сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шаралары қатаң бақылауда. Енді санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге үлкен көлемде айыппұл салынады. Қауіпті дерттің алдын алу мақсатында қалада мобильдік топтар мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары бас болған арнайы топ кәсіпкерлік нысандардың әлеуетіне қарамайды. Тәртіп баршаға ортақ. Екі-үш күн бұрын ескерту алып, олқылықты жоймаған кәсіпкерлерге әкімшілік хаттама толтырды. Бір ғана Абай ауданының өзінде 24 нысан санитарлық  талаптарға сай болмай шықты.

Шарбат Айботаева - Шымкент қаласы Абай  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы

Олардың қатарында Глобол кофейнясы мен Лаваш орталығыда бар. Ескертуімізді және біздің ескертуімізге қарамастан талаптарды бұзғандары үшін әкімшілік хаттамаларды толтырып түсініктеме алдық. Кеше біздің мамандармен ескертпе берілген. №17 қаулы бойынша талаптар орындалмай отыр.

Бір ғана Абай ауданында 13 базар  бар. Бүгінгі таңда  олардың 9 жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар  1054 магазин, 11 ірі сауда орталығы елге қызмет көрсетеді. Барлық нысандарда түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Енді сақтыққа селсоқ қарағандар айыппұл төлейтін болады.

Есімжан Заңқоев – Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары

Төрт группа бөлінгенбіз 12 секторға. Мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Карантин режимі әлі сақталып тұр. 25 –ші мамырдан бастап 8-ші Маусымға дейін.

Карантинге байланысты қаладағы барлық дәмханалардың  жұмысына шектеу қойылған. Кейбірі  тамақ тасымалы арқылы кәсібін жалғастыруда. Ал, мына Көмешбұлақ базары маңындағы асханалар санитарлық талаптарды аяқ асты етіп шаруасын шалқытып отыр. 

Қаулыны өрескел бұзған бұл кәсіпкер ірі көлемде айыппұл төлейтін болды.  Хаттама ҚР Әкімшілік көдексінің 462_ші бабының 3-ші тармағына сүйене отырып толтырылады.

К. Дүйсенбі          

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...