ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ШЕТ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

16:12, 29 маусым 2020

Мақтаарал ауданында биылғы егістік алқабының 10 мың 600 гектар жерден астамына қауын, қарбыз егілген. Бүгінде бұл бақша дақылдары 2 мың 500 тоннаға жуық өнім берді. Аудан дихандары жиналған өнімді шет мемлекеттерге экспорттап отыр.

Бүгінде Мақтаарал ауданында 2500 тоннаға жуық бақша дақылдары өндірілді. Оның 420 тоннасы қауын, 2000 – нан астамы қарбыз өнімдері. Олардың басым бөлігі Ресей, Беларусь елдеріне экспортқа шығарылуда.   
Жарқынбек Мырзалиев - Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің маманы
Біздің жалпы ауданда қазіргі таңда кленкалық қауын 3535 гектар жерге егіліп отыр.Кленкалық қарбыз 835 гектар жерге ашық қауын 5867 гектарды құрап отыр.Ашық қарбыз 473 гектарға.жалпы оның ауданы 10663 гектар.Қазіргі таңда кленкалық қауынан 420 тоннадай өнім өндірілді.Кленкалық қарбыздан 2272 тонна қарбыз өндірілді.Бұларды қазіргі шет мемлекеттерге Россия,Белоруссия жалпы сұраныс болып жатқан елдерге жіберіліп жатыр.Өзіміздің Қазақстанның ішінде де өнімдер жіберіліп жатыр қауын қарбыздар.
Ресей Федерациясына қарбыз өнімінің екінші толқынын жөнелткелі тұрған «Тәңірқұл» шаруа қожалығы. Қожалық иесі бұл кәсіппен айналысқанына көп болмаса да, өнім мол. Мәселен, биылдың өзінде еселі еңбек еш кетпей, небәрі 2 гектар жерден 100 тоннадай өнім алған.
Ғабит Тәңірқұлұлы - «Тәңірқұл» шаруа қожалығының төрағасы
Бұл дарбыз марттың наурыз айының 15іне егілді.Поляға түсіп 65 күнде дайын болатын дарбыз.Долби деген тұқым Құдай қаласа кешегі 30шы мамырдан бастап шықты бұл.гектарына 30 центнерден 1ші жұлымында берді.Қазір екінші жұлымында 20 центнерден беріп жатыр.Сол 50центнерден беріп жатыр.Мына 2 гектар жеріміз Құдай қаласа 100 тонна берді осымен.Бұл долби бұның алды алды 10 кіләға шейін барады дарбыздың 4 кіләдан бастап сатылады бұл барлығы массовыйға кетті бұның
Мақтааралдық дихандар соңғы жылдары ауыспалы егістікке бейімделіп келеді. Бұрындары жаппай мақта дақылы егілетін алқаптарда, қазір көкөністің барлық түрі егіледі.

Перизат Ортай                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар