ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ

15:58, 12 маусым 2018

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты. Жаңа лауазымға профессор Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов ие болды.

Бүгін ректорды оқу орнының ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі, халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары Бибігүл Асылова таныстырды. Болатбек Серікбайұлы еңбек жолын 1986 жылдан бастаған. Бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессордың ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, ҚР Президенті Әкімшілігінде де еңбек өтілі бар. 2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып қызмет еткен. 2017 жылдың 24 наурызынан Білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы болып жемісті қызмет атқарды. Өз кезегінде жаңа басшы тұтас түркі халқының басын қосқан оқу ордасын өркендетуге, дамытуға барынша жағдай жасайтынын жеткізді.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҮШ ҮМІТКЕРДІҢ БІРІ СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АТАНАДЫ
18:26, 17 маусым 2019
ҮШ ҮМІТКЕРДІҢ БІРІ СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АТАНАДЫ
Толығырақ...
ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:34, 14 маусым 2019
ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...