ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ

14:23, 10 қазан 2019

Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Наурыз алаңында дәстүрлі «Қазақ дастарханы» көрме-фестивалі өткізілді. Шараға қатысқан 11 этномәдени бірлестік өз талғамдары бойынша қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, қазақ дастарханын жайды. Мерекеге жиналған көпшілік дастарханнан дәм татып, өз бағасын берді.

 

Таң алакеуімнен Наурыз алаңына жиналған көпшілік табадан шыққан ыстық нан мен күбіден жаңа түскен сары майдан дәм татып, жер ошақта жаңа піскен бауырсақты қолдарына алды. Ауылдағы тіршілікті бір сәт көз алдыңа келтіретін бұл көріністі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері әзірлепті.

Феруза Бабиева-Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкері /ұмыт бола бастаған салтымыз ғой. Кезінде мұның барлығын апа-әжелеріміз, аналарымыз жасаған. Қазір өркениеттің дамыған тұсында ас әзірлеудегі бұл тәсілдер қалып бара жатыр./

 «Қазақ дастарханы» фестивалі өңіріміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын түрлендіріп, ұмыт бола бастаған салтымыздың жаңғыртып отырудың өзіндік сыры бар. Өткен жылы ет асып көрерменнің көңілінен шыққан ұйғыр мәдени бірлестігі бұл жолы қонаққа астың алды болып кіргізілетін бас пен жамбасты әзірлеп келіпті.

Нұрниса Ниязова-ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі /Біздің үйде көбіне бесбармақ пісіріледі. Екі халықтың тағамдарында ұқсастық көп. Бас табақ деп кіргізілетін мынау тағам бізде де ерекшеленіп тұрады. /

Қазақ дастарханы мерекесіне жиналған көпшілік халқымыздың көне тарихынан сыр шертетін көрмеге қойылған жәдігерлерді тамашалап, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.


 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...