ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ

13:54, 7 тамыз 2019

Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері. «Жастар жылына орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды.

 Шардара ауданында біршама этнос өкілдері өмір сүруде. Олардың үлкені де кішісі де мемлекеттік тілді үйреніп өскен орталарында құрметті жандар. Солардың бірі Анастасия Элизарова. Орыс ұлтынан болса да қазақ тіліне деген сый-құрметі ерекше. «Балбөбек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарып келе жатқан Анастасия бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді дәріптеп келеді.

 Анастасия Элизарова – сайысқа қатысушы

 Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар ұяшықта жасырылған салт-дәстүр жайындағы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Кейін кез-келген жанрдағы қазақша мәтінді мәнерлеп оқыды. Үшінші кезеңде қазақ тілінің лексика мен грамматикасынан тест тапсырып, қазақтың ақын-жазуашыларының шығармаларын орындады.

Маржангүл Жұбаева – Шардара аудандық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі

 Тіл -  ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Ал тіліміздің дәрежесі күннен-күнге қарқындап өсіп келеді. Оған бүгінгі сайыс дәлел.

 

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...