ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТІЛІН - ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК!

11:58, 3 қыркүйек 2019

Қазақ тілі - ұлтаралық тілге айналдыру керек! Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді. Жалпы жолдауда қоғамда жиі талқыланып жүрген, көптің көкейіндегі мәселелер барынша қамтылған. Қазақстанның тарихындағы екінші президенттің бірінші жолдауына қатысты түрлі сала өкілдерінің пікірі қандай?

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін». Президенттің осы бір сөзі көптің ішін жылытқандай. Қазақ тілі - ресми тілден бір саты жоғары тұруы тиіс-тін. Мұны журналист Бақтияр Тайжан да құптайды.

Бақтияр Тайжан – «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы

Тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік мәртебе алдық. Бірақ ресми ресми тіл әлі күнге дейін күшейіп тұр. Қай жерге барсаңыз да орыс тілі бірінші кезекке шығып кетеді. Қазақстанда 150- ден астам ұлт тұрады екен. Ал, енді солардың ортақ тілі қазақ тілі болады болашақта. Біз соған сенеміз.

Жолдауды ыждақаттықпен күткендердің бірі Түркістан жоғарғы аграрлы колледжінің ұжымы. Себебі, ел экономикасының басты қайнар көзі ауыл шаруашылығы екенін сала мамандары жақсы біледі. Бұл орайда жерді  тиімді пайдалануды ұсынған президенттің ұсынысы құптарлық,- дейді оқытушы.

Абдулла Ахмет - Түркістан жоғарғы аграрлы колледжінің оқытушысы

Агроөнеркәсіпті кешенді дамытуға үлкен көңіл бөлді. Қазір жеріміздің халықтың ең күнкөрісі екенін айта келе, «жеріміздің тиімді пайдаланылмай жатқанын, жанашырлықпен халыққа айтып,сол жерді тиімді пайдалансақ, одан экологиялық таза өнім алсақ, алған өнімді сыртқы нарыққа шығарсақ шикізат күйінде ғана емес, қайта таза тауар ретінде шығарсақ халыққа тиімді болар еді» деген мәселе қозғады. Оны бәріміз де қолдаймыз.

 Жолдауда ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамту жайы да қозғалған. Бұл орайда, орта және шағын бизнес өкілдеріне қолайды жағдай жасау жайы жүйелі түрде қарастырылған. Бизнеске қолдау көрсетуін тоқтатпайтын айтқан мемлекет басшысы бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлетін болады.

Р.Бақытжанқызы                                     

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...